Араға 20 жыл салып алғаш рет қазақстандық таеквондошы жастар арасында әлем чемпионы атанды

Байрақты бәсеке 11-17 сәуір аралығында Ташкент қаласында өтіп жатыр.

Араға 20 жыл салып алғаш рет қазақстандық таеквондошы жастар арасында әлем чемпионы атанды qaz.tkd

Айым Серікбаева таеквондодан жастар арасында әлем чемпионы атанды. 44 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы финалдық кездесуде мексикалық қарсыласы Понсе Нуньес Дара Ширлині 2:0 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Бұл жетістік Қазақстан үшін ерекше тарихи мәнге ие. Еліміздің жастар құрамасы араға 20 жыл салып әлем чемпионатының алтын медаліне қол жеткізді. Соңғы рет алтын жүлде 2006 жылы тіркелген. 

Айым Серікбаева бұған дейін де ірі халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетіп, Азия чемпионы және жастар арасындағы Азия ойындарының жеңімпазы атанған.

Айта кетейік, бұған дейін Ерасыл Ерзат пен Ислам Медетбай қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Осылайша ел қоржынында әзірге 3 медаль бар. 

Telegram
Самое интересное из мира спорта в нашем Telegram-канале Insports.kz
Подписаться