Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанды тағы да тізе бүктірді

Жолдастық матч Ақтауда өтті.

Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанды тағы да тізе бүктірді kff.kz

Қазақстан футзал құрамасы Әзербайжан құрамасымен екінші жолдастық кездесуін өткізіп, сенімді жеңіске жетті.

Матч барысында алаң иелері ойын қарқынын бірден үдетпей, қарсыласты бақылауда ұстауға тырысты. Есеп 14-минутта Азат Валиуллиннің голымен ашылды. Алайда бір минуттан кейін Ульви Алиев таразы басын теңестірді. 17-минутта Альберт Акбаликов Қазақстан құрамасын қайта алға шығарса, көп ұзамай Адалат Алакбаров есепті теңестірді. Осылайша, бірінші тайм 2:2 есебімен аяқталды.

Екінші таймда қазақстандық футзалшылар басымдықты толық өз қолына алды. 28-минутта Альберт Акбаликов дубль авторы атанса, 33-минутта Дамир Қайырбай матчтың қорытынды нүктесін қойды - 4:2.

Айта кетейік, командалар арасындағы алғашқы жолдастық ойын да Қазақстан футзал құрамасының ірі жеңісімен (9:2) аяқталған еді.

Telegram
Самое интересное из мира спорта в нашем Telegram-канале Insports.kz
Подписаться