Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Шерзод Давлатов пен Аман Бақытжанның жартылай финалдағы қарсыластары белгілі болды.

Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатының жартылай финалына шықты Judo team

Бүгін, 16-сәуір Қытайдың Ордос қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты басталып, қазақстандық балуандар алғашқы күннен-ақ өз әлеуетін паш етті.

Жалпы, бұл құрлықтық додаға Қазақстан құрамасы атынан 18 спортшы қатысуда. Биылғы Азия чемпионаты жоғары деңгейде өтуде. Жарысқа 19 елден 197 дзюдошы жиналып, татамиде өзара мықтыны анықтауда.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Шерзод Давлатов ширек финалда өзбекстандық Достон Рузиевті сенімді жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ол белдесу барысында жоғары техникалық дайындық пен тактикалық шеберлігін паш етті.

Ал 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Аман Бақытжан тәжікстандық Мехрзод Суфиевті мерзімінен бұрын жеңіп, келесі кезеңге өтті. 

Шерзод Давлатовтың жартылай финалдағы қарсыласы - Тайбэй өкілі Ян Юнвэй. Ал, Аман Бақытжан Бахрейн спортшысы Руслан Полторацкиймен өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, сары құрлық бәсекесі 18-сәуірге дейін жалғасады. Ерлермен қатар тунирде Қазақстан әйелдер құрамасы сапынан 48, 57, 63, 70, 78, +78 келі салмақ дәрежелерінде 9 дзюдошымыз татамиге шығады. 

Telegram
Самое интересное из мира спорта в нашем Telegram-канале Insports.kz
Подписаться