«Қайрат» АФК футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінен тағы да өте алмады. Бұл алматылық клубтағы кадрлық өзгерістерге алып келеді.
Чемпиондар лигасындағы сәтсіз ойынынан кейін «Қайраттан» легионерлер кетеді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
«Қайрат» Чемпиондар лигасының финалына шығу үшін барын салды. Бірақ «Бенфикадан» жеңіліс Қазақстан чемпионының жоспарын жоққа шығарды. Еуропалық жарыста сәтті өнер көрсеткен жағдайда «Қайрат» қыста құрамын күшейтуге дайын еді, енді керісінше ойыншылар саны азаяды. Осы орайда «Қайраттан» бірнеше шетелдік ойыншылар кетуі мүмкін. Атап айтқанда шабуылшы Алиссон мен әмбебап ойыншы Алекс Виана. Алматылық клуб мұндай шетелдік ойыншылардың қажеті жоқ екенін біледі. Өйткені енді командаға тек ішкі турнирлерде сынға түсу керек болады.
Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» испаниялық маман Марлон Веласконың жетекшілігімен алғашқы маусымын өткізуде. Бұған дейін команданы бес жыл бразилиялық бапкер Пауло Рикардо Кака жаттықтырған болатын. Элиталық кезеңдегі матчтардың қорытындысы бойынша футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңінің қатысушылары анықталды. Аталмыш ойындар 2-3 мамыр және 4-5 мамырда өтеді.
Финалға қазіргі чемпион «Пальма» (Испания), сондай-ақ «Барселона» (Испания), «Бенфика» және «Спортинг» (екеуі де Португалия) жолдама алды.
«Барселона» «А» квартетін (Рига, Этуя, Эболи), «Бенфика» «В» (Қайрат, Добовец, Приштина), «Спортинг» С квартетін (Спортинг -Андерлехт, «Лозница-Град», «Халадаш»), «Пальма» — D квартетін жеңді. («Любава», HIT, «Olmissum»). Финалдық кезеңнің қожайындары мен жеребе тарту күні кейінірек анықталады. Сондай-ақ төрт команданың финалдық турнирі бұрынғы жеңімпаздардан құралмаған.