Қазақстан теннис федерациясы еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцеваның Торонтодағы WTA-1000 турниріне қатыспайтыны туралы ресми түрде хабарлады.
«Бірнеше ақпарат көздерінде тараған жалған ақпаратқа байланысты федерация Путинцеваның Торонтодағы турнирге қатыспайтынын ресми түрде растайды. WTA талаптарына сәйкес, барлық жетекші теннисшілер осы деңгейдегі турнирлерге олардың басталуынан бірнеше ай бұрын автоматты түрде тіркеледі. Юлия бұрын алған жарақатына байланысты Торонтода ойнай алмайды. Оның командасы ұйымдастырушыларға турнирден шығу туралы ресми өтініш жолдады, алайда турнир жүйесіндегі ақпарат біраз уақыттан кейін ғана жаңартылады.
Қазақстан теннис федерациясы сауалдарға әрқашан ашық екенін атап өтіп, БАҚ өкілдерін жалған деректерді пайдаланбауға және сұрақтарға ресми жауаптарды алу үшін ҚТФ-ға хабарласуға шақырады», — деп жазады Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцева Торонтода (Канада) өтетін WTA 1000 турниріне қатысуы тиіс болатын. Тіпті оның алғашқы айналымдағы қарсыласы да анықталып қойған және матч 6 шілдеден 7 шілдеге қараған түнге жоспарланған. Дегенмен бүгін Юлия Путинцева тізе жарақатына байланысты турнирге қатыспайтынын мәлімдеді.