Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

«Арлан» «Бейбарыстың» арынын басты, «Құлагер» қолда тұрған жеңісті уыстан шығарып алды

Бүгін хоккейден Қазақстан чемпионаты аясында өткен матчтарды тілге тиек етеміз.

«Ақтөбемен» өз алаңында өткен кездесудің 55-минутына дейін «Құлагер» ойын барысын сенімді бақылап, екі гол айырмасымен алға шықты. Алайда, ақыры петропавлдықтардың әрекеті нәтижесіз аяқталды. Қонақтар алдымен ойынды овертаймға жалғады. Соңғы ысқырыққа 12 секунд қалғанда Вадим Митряков есепті теңестіріп кетті – 2:2. Содан кейін хоккейшілер өзара мықтыны буллитте анықтады. 65 минутта Руслан Гайсиннің дәл соққысы «Ақтөбеге» екі ұпай әкелді.

 «Құлагер» — «Ақтөбе» 2:3 Б (0:0, 1:0, 1:2, 0:0, 0:1)

1:0 — 28:02 — Своеволин (Коваленко, Большаков)

2:0 — 51:23 — Хамматов (Своеволин, Святына)

2:1 — 55:04 — Кучин (Митряков)

2:2 — 59:48 — Митряков (Беляев, Попитич)

2:3 — 65:00 – Гайсин

Қақпашылар: Кадочников – Ершов

«Арландар» нәтижелі кездесуде «Бейбарысты» ұтып, биылғы чемпионаттағы 25-ші жеңісіне қол жеткізді. Матчтың шешуші кезеңі үшінші  тайм болды. Бұл кезеңде көкшетаулықтар қарсыластарын төрт рет қапы қалдырды. Данила Карабан дубль авторы атанды. Ал Атыраулықтар үшін бұл үшінші жеңіліс болды. Қорытынды есеп 7:3.

«Арлан» — «Бейбарыс» 7:3 (2:0, 1:3, 4:0)

1:0 — 02:21 — Пархоменко

2:0 — 04:48 — Свинтальский (Пархоменко, Преснов)

2:1 — 25:04 — Александров (Степанов, Клочков) ГБ

2:2 — 29:29 — Яковлев (Степанов, Кунишников)

2:3 — 35:15 — Ананичев (Александров, Клочков)

3:3 — 35:59 — Никулин (Карабань, Лихотников)

4:3 — 51:25 — Карабань (Боровиков, Лихотников) ГБ

5:3 — 52:32 — Степаненко (Волков, Михайлов)

6:3 — 53:54 — Карабань (Сулимов)

7:3 — 59:43 — Гренц (Оксентюк) ГБ

Қақпашылар: Ахметов — Смирягин (Фанайлов, 53:54-60:00)

«Алматы» мен «Горняк» арасындағы кездесу матчтың негізгі уақытынан асып кетті. Алаң иелері алдымен алға шықты, содан кейін тіпті жеңіске жету мүмкіндігіне ие болып, финалдық ысқырыққа 32 секунд қалғанда есепті теңестіріп кетті. Нәтижесінде Артём Бурделев оңтүстік астаналық командаға қосымша уақытта жеңіс әкелді.

 «Алматы» — «Горняк» 4:3 ОТ (1:0, 1:2, 1:1, 1:0)

1:0 — 11:09 — Потырка (Муратов, Айдуков)

2:0 — 28:50 — Андрусенко (Потырка, Бастаногов)

2:1 — 33:22 — Воронин (Гурьев, Лазарев)

2:2 — 39:42 — Захаров (Кротов)

2:2 — 48:12 — Баев ШБ

2:3 — 57:50 — Гурьев (Катков, Воронин)

3:3 — 59:28 — Твердохлебов (Штефан)

4:3 — 61:51 — Бурделёв (Машинец, Кожевников) ГБ

Қақпашылар: Колесников — Нурек

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz