Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Бешикташтың» бапкері Зайнутдинов туралы қуанышты жаңалықпен бөлісті

Бахтиёр Зайнутдинов Стамбулда алаңға бетперде киіп шығуы мүмкін.

«Бешикташтың» бас бапкері Риза Чалымбай Конференция лига топтық кезеңінің бесінші турындағы Бельгияның «Брюгге» командасына қарсы өтетін матч алдындағы қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиёр Зайнутдиновтың жағдайы туралы айтты.

«Жеті-сегіз ойыншы жарақат алды. Мен мұндай көп жарақатты ешқашан көрген емеспін. Оның себебі неде екенін білмеймін. Рашид Геззал «Башакшехирмен» ойында алаңға шығып, бес минуттан кейін алаңнан кетіп қалды. Жастар құрамасынан ойыншыларды алдық, мен олардың одан да көп болғанын қалаймын. Неджип Уйсал мен Омар Колли сенімді, бірақ Неджип дисквалификацияланған. Умур Мераш тізімде жоқ, сол қапталда ойнай алатын ойыншы жоқ. Бахтиёр Зайнутдинов бетперде киіп ойнауы мүмкін», — деп келтіреді Ntvspor.net. басылымы бапкердің сөзін.

Естеріңізге сала кетейік, Зайнутдинов Түркия Суперлигасының 12-ші турында «Башакшехирге» қарсы өткен ойында Жером Опокумен соқтығысқан кезде мұрын сүйегі сынып, одан кейін оған ота жасалған болатын. Осы жарақатына байланысты жартылай қорғаушы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының шешуші матчтарына қатыса алмады.

«Бешикташ» пен «Брюгге» кездесуі бүгін, 30 қарашада Стамбулда өтеді. Бельгиялық клуб 10 ұпаймен топта көш бастап тұрса, Стамбул командасының еншісінде бір ұпай бар.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz