Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Шахмат

Қазақстандық шахматшылар жүлде қоры 1 млн. долларды құрайтын әлем чемпионатында өнер көрсетуде

Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан жылдам шахматтан (рапид және блиц) әлем чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды.

Ерлер мен әйелдер төрт раунд рапид ойнады. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева төрт ойынның үшеуінде жеңіске жетіп, ұпай санын 5,5-ке жеткізді. Бұл нәтижемен ол үшінші орында. Көшбасшы Анастасия Бондарукта (ФИДЕ) 7 ұпай бар. Сонымен қатар қазақстандық шахматшылардан Зарина Нұрғалиева, Назерке Нұрғали, Ксения Балабаева және Әсел Серікбайдың еншісінде 5 ұпайдан бар.

Ерлер арасындағы қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсен көшбасшылығын сақтап қалды. Норвегиялық гроссмейстерде Алматыда өткен жылғы жетістігін қайталауға тамаша мүмкіндік бар. Қазір 9 турдан кейін оның еншісінде 7 ұпай бар. Одан кейін 7 жеңіспен Владимир Федосеев (Словения) пен Ян Юда (Қытай) келеді.

Қазақстандық шахматшылар арасындағы үздік нәтижені Денис Махнев (5 ұпай) көрсетіп отыр. Одан кейін жылдам шахматтан әлем чемпионы Ян Непомнящиммен тең түскен Даниял Сапенов (4,5) пен Ернұр Амангелді (4,5 ұпай) келеді.

Айта кетейік, 10 жастағы Данис Қуандықовтың еншісінде 4 ұпай бар. Алғаш рет ересектер арасында ойнаған қазақстандық рейтингі әлдеқайда жоғары үш қарсыласын жеңді.

Ал, өзбекстандық Мухиддин Мадаминов үндістандық Сурья Гангулыдан айласын асырды. Ойын 8-ші жүріспен аяқталды. Дегенмен үндістандық шахматшы 150 рейтингтік ұпаймен Мадаминовтан алда тұр. Тоғыз раундтың қорытындысы бойынша Мадаминов 5,5 ұпай жинап, 80-орында тұр.

Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайды. Оның 700 мыңы ерлер арасындағы ашық турнирде табысталады. Қалған 300 мыңы әйелдер арасындағы жарыс жеңімпаздарына беріледі. 26-28 желтоқсанда шахматшылар жылдам шахматтан өнер көрсетсе, ал 29-30 желтоқсанда блиц-шахматтан мықтылар анықталады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz