Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Шахмат

Қазыбек Нөгербек – шахматтан әлем чемпионы!

Жасөспірімдер арасында шахматтан әлем чемпионатында соңғы айналымда өзінің тікелей бәсекелесі, армениялық гроссмейстер Мамикон Гарибянды ұтып, 20 жастағы Қазыбек Нөгербек 13 маусымда 20 жасқа дейінгі санатта 2024 жылғы әлем чемпионы атанды (FIDE).

Бір апта бұрын ФИДЕ президенттік кеңесінің отырысында гроссмейстер болып бекітілген «Астана» орталық шахмат клубының түлегі 11 турда 8½ ұпай жинады. Екінші орын армениялық гроссмейстер Эмин Оганянға (2501), үшінші орын серб гроссмейстер Лука Будисавлевичке (2468) бұйырды.

Айта кетейік, мұндай жетістікке үш шахматшымыз ғана Дәрмен Сәдуақасов (1998), Динара Сәдуақасова (2016) және Жансая Әбдімәлік (2017) жетті.

Әлемдік додада ел намысын абыроймен қорғаған әлем чемпионын Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов құттықтады.

«Қазыбекті әлем чемпионатындағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жарқын да айтулы жеңіс Қазақстан шахмат мектебінің шежіресінде маңызды орын алады. Осы жетістік — шахматты дамыту жолындағы біз таңдаған бағыттың дұрыстығын тағы бір рет дәлелдейді. Чемпионның жаттықтырушыларына алғыс айтамын!» – деді Тимур Турлов.

Чемпионат 2-13 маусым аралығында Үндістанның Гандинагар қаласында (Гуджарат штаты) өтті және оған 123 қатысушы, оның ішінде 13 гроссмейстер және 28 халықаралық шеберлер қатысты.

Қыздар арасында 10 ұпай жинаған жарыстың қожайыны Дивья Дешмух (2456) 1 орын алды. Жарты ұпай артта қалып, 2-орынды 2022 жылғы 18 жасқа дейінгі әлем чемпионы армениялық Мариям Мкртчян (2300) иеленді. 3-орын әзірбайжандық Аян Аллавердиеваға (2133) бұйырды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz