Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

«Барыс» Әлем чемпионатының үздік қақпашысын қатарға қосты

«Барыс» хоккей клубы ресми түрде Владимир Никитинмен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді. Екіжақты келісімшарт бір маусымға 2025 жылдың 31 мамырына дейін есептелген.

Осы орайда «Барыс» бас менеджері Никитинге қатысты өз пікірін білдірді.

«Никитин – болашағынан зор үміт күттіретін қазақстандық қақпашылардың бірі. Сондықтан оны клуб жүйесіне қайтару біз үшін маңызды болды. Ол Солтүстік Америкада жақсы тәжірибе жинады. Енді алға қарай қадам басатын кез келді. Владимирдің таланты мен жұмыс істеуге деген қабілеті негізгі командада орын алу үшін талас жүргізуге көмектеседі деп ойлаймыз», — Олег Болякин, «Барыс» бас менеджері.

Владимир Никитин — «Барыс» БЖСМ түлегі. 2022-23 жылдар маусымында қазақстандық қақпашы ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында «Снежные Барсы» құрамында дебют жасады. Артынша «Барыс» жастар командасына Jastar Hokei Ligasy чемпионы атануға көмектесті. Сонымен қатар, 2023 жылы оны «Оттава Сенаторз» ҰХЛ клубы драфтады.

Өткен маусымда Владимир британиялық Колумбия Хоккей Лигасында өнер көрсететін «Чилливак Чифс» командасында ойнады. Матчтардың бірінде Никитиннің шайба соққанын да атап өту керек.

2023 жылдың желтоқсанында голкипер бірінші дивизиондағы әлем чемпионатының қаһармандарының біріне айналды. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға қайта оралса, Никитин үздік қақпашы деп танылды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz