Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Азия ойындары

«Азия балалары» ойындары. Алғашқы алтын қоржында

Ресей Федерациясының Якутск қаласында (Саха Республикасы) VIII Халықаралық «Азия балалары» ойындары басталды.

Якутск қаласындағы Н.Н. Тарский атындағы «Туймаада» стадионында VIII Азия балалары ойындарының ашылу салтанаты өтіп, көрермендерге үш сағаттық бағдарлама ұсынылды. Алдымен қатысушы елдердің туларымен спортшылар делегацияларының шеруі өтті. Содан кейін вокалдық және хореографиялық қойылымдар, сондай-ақ танымал әртістер өнер көрсетті.

Аталмыш жарыста биыл спорттың 24 түрінен 239 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Жарыстар 16 спорт нысанында өтуде.

Елімізден Азия балалары ойындарына спорттың 21 түрінен 200 спортшы, 54 жаттықтырушы және 6 төреші қатысуда. Қазақстандық делегацияның басшысы – Дияс Абайұлы Үкмет.

Төрт жылда бір рет өтетін және бүкіл Азия құрлығын қамтитын спорттық жарыстарға 16 жасқа дейінгі спортшылар қатысады. Жазғы және қысқы ойындар бағдарламасына спорттың 24 түрі кіреді. Қазақстан 1996 жылдан бастап жазғы, 2019 жылдан бастап қысқы халықаралық «Азия балалары» спорттық ойындарының тұрақты қатысушысы.

Биыл «Азия балалары» ойындарының алғашқы жарыс күні жас самбошы Әбіш Пердалы алтыннан алқа тақты. Ал оның командаластары Оңталап Сағындық, Балнұр Дастанқызы, Айнұр Мукарам және Рәсім Базарбай қола медаль иегері атанды. Бүгін самбошылар тағы 6 салмақ бойынша жүлдеге таласады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz