Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

«Барыс» солтүстікамерикалық хоккейшілерді қатарға қосты

Елордалық хоккей клубы Коннор Джеффри (Си Джей) Смит пен Натан Больёмен  бір маусымға, 2025 жылдың 31 мамырына дейін келісімшарт жасағанын мәлімдеді.

Коннор Джеффри мансабының басым бөлігін Солтүстік Америкада өткізген. Ол Ұлттық хоккей лигасында 15, Америка хоккей лигасында 265 ойынға (89+117 ұпай) қатысқан. 2022 жылы Смит «Чикаго Вулвз» құрамында Колдер Кубогы жеңімпазы, сондай-ақ маусым қорытындысында команданың үшінші сұрмергені атанды. Өткен маусымда Коннор Джеффри Финляндияда «Юп» командасы сапында өнер көрсетті. Ол 33 матчта 20 (8+12) ұпай олжалаған. Ресми келісім-шарт жасалғаннан кейін «Барыс» бас менеджері Олег Болякин Смитке (Си Джей) қатысты пікір білдірді.

«Смит – шабуылдың нүктесін өзі қоя алатын, оған қоса әріптесіне гол соғуға жағдай жасап бере алатын білікті форвард. Ол өзі чемпион атаған АХЛ-да нәтижелі ойын өрнегін көрсеткен. Си Джей «Барыстың» топ-6 қатарына еніп, алдағы маусымда команданың көшбасшы ойыншыларының біріне айналатынына күмән жоқ», — деді Болякин.

Ал тәжірибелі қорғаушы Натан Больёмен  Ұлттық хоккей лигасында 11 жыл өткізіп, 471 ойында «Монреаль», «Виннипег» пен «Анахайм» командаларының намысын қорғаған. 2012 жылы Натан Канада құрамасы сапында жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2023/24 жылдар маусымында қорғаушы швейцариялық «Клотен» командасы сапында ойнап, 13 матчта екі нәтижелі паспен көзге түскен.

«Больё – өз аймағында сенімді ойнайтын және өте көп жұмыс атқаратын, көп соққыға тосқауыл жасайтын және кез келген сәтте өзі мен әріптестерін қорғауға дайын тұратын қорғаушы. Мұндай сипаттағы ойыншының «Барыс» қорғанысын күшейте түсетініне және хоккейшілерімізбен өз тәжірибесімен бөлісетініне сенімдіміз», — деді «Барыс» бас менеджері Олег Болякин.

Айта кетейік, таяуда елордалық ұжым жаңа маусымға дайындықты бастайды. «Барыстың» оқу-жаттығу жиындарының басым бөлігі Астанада өтеді. 15 шілдеде екіжақты келісімшарты бар хоккейшілер медициналық тексерістен өтіп, жаттығуларға кіріседі. 1 тамызда олардың қатарына біржақты келісімшартқа қол қойған ойыншылар қосылады.

14-18 тамыз күндері «Барыс Аренада» XIII «Қазақстан Республикасы Президенті Кубогы» халықаралық турнирі өтеді. «Барыстан» өзге турнирге хабаровскілік «Амур», тольяттилік «Лада» мен Олимпиадалық іріктеудің финалдық кезеңіне дайындық жүргізу үшін Қазақстан ұлттық құрамасы қатысады. ҚРПК-2024 матчтарының кестесі кейінірек жарияланады.

20-25 тамыз аралығында Дэвид Немировски шәкірттері Омбыда өтетін «Блинов Кубогы» маусымалды турнирінде бақ сынайды. Командамыз ярославілік «Локомотив», Новосібірдің «Сибирь», челябілік «Трактор» және турнир иелері «Авангард» ұжымдарына қарсы ойнайды.

26 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Астанада «Барыстың» Құрлықтық хоккей лигасы 2024/25 жылдар маусымы алдындағы дайындығының қорытынды кезеңі өтеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz