Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Жәнібек Әлімханұлы ауруханаға түсті

Top Rank промоутерлік компаниясы WBO және IBF орта салмақтағы әлем чемпионы салмағын азайту кезінде қиындықтарға тап болғанын хабарлады.

Әлімханұлының жаңазеландиялық Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жегі тоқтатылды. Лас-Вегастағы бокс кешінің басты оқиғасы жеңіл салмақтағы Раймонд Мураталла мен Тевин Фармер арасындағы жекпе-жек болмақ. Ал Жәнібекке байланысты кейінірек WBO мен IBF ресми мәлімдеме жасайды деп күтілуде.

Қазақстандық былғары қолғап шеберінің менеджері Эгис Климас Әлімханұлының қалай есінен танып қалғанын айтып берді:

«Кеше түнде (АҚШ уақыты бойынша 11 шілдеде) Жәнібек есін жоғалтты. Біз оны дереу Spring Valley медициналық орталығына жеткіздік. Сканерден бүйрегі зақымдалмағаны анықталды. Бірақ, Жәнібек салмақ қуу кезінде ағзаға су жетіспеушілігі салдарынан талып қалған және жекпе-жекке шығатын жағдайда емес», — деді Климас.

Сондай-ақ Жәнібек Әлімханұлы мен оның командасы ресми мәлімдеме жасады:

«Мұндай жағдайға бірінші рет тап болып отырмыз. Бұл өте  ауыр жағдай. Жәнібек түні бойы ауруханада жатты. Қазір жағдайы қалыпты. Ең бастысы денсаулық. 2-3 айдан кейін қайта қалпына келіп, рингке оралады деп үміттенеміз», — деп боксшының командасы мәлімдеме жасады.

Естеріңізге сала кетейік, Әлімханұлы-Михайлович жекпе-жегі 14 шілде, жексенбі күні таңертең өтуі тиіс болатын. Қазақстандық былғары қолғап шебері WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы титулдарды қорғауы тиіс еді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz