Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетін басқарғаны үшін жалақы алмайды

Еліміздің Ұлттық Олимпиада комитеті Геннадий Головкиннің жалақысына қатысты ресми мәлімдеме жасады.

ҰОК-нің мәлімдеме жасауына 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Бақтияр Артаевтың YouTube-тегі «Уақыт көрсетеді» арнасына берген сұхбаты себеп болды. Онда Артаев: «Нақты білмеймін, бірақ мен Головкиннің ҰОК-де жалақысы 20-25 миллион теңге шамасында деп естідім», — деді.

Қазақстан Республикасының ҰОК Головкиннің ерікті түрде, яғни ай сайынғы жалақысыз жұмыс істейтінін хабарлады.

Әлеуметтік желіде Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті президентінің жалақысына қатысты ақпарат тарады.

«Қазақстан ҰОК бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. Геннадий Головкин президенттік қызметті ерікті негізінде атқарады. Оның қызметіне ақша төленбейді. Оның мотивациясының қаражатқа да, саяси мансапқа да қатысы жоқ.

Ең алдымен оның жұмысы қазақстандық спортқа қолдау көрсетуге, сондай-ақ, Қазақстан ҰОК-тің халықаралық спорттық қоғамдастық алдындағы беделін нығайтуға бағытталған.

Өз қызметіне кіріскен бойда Геннадий Головкин ҰОК-тің мемлекеттік бюджет ақшасына үміттенбейтінін ашық айтқан. Ұйымның қызметі Г. Головкиннің қатысуымен тартылған демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асуда.

Жалған ақпарат таратушылар ҚР заңына сәйкес жауапқа тартылатынын, нақтылап айтар болсақ, ҚР ҚК 274 бабына сай қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын естеріңізге саламыз», — делінген хабарламада.

ҰОК атқару комитеті 12 адамнан тұрады. Олардың қатарында белгілі спортшылар Ольга Рыпакова, Серік Сәпиев, Дмитрий Баландин және Әлия Юсупова, саясаткерлер Асқар Мамин (Хоккей федерациясының президенті), Қуаныш Есекеев (дзюдо) және Даниал Ахметов (жеңіл атлетика), бизнесмендер Болат Өтемұратов (теннис) және Дияс Сүлейменовтер (шаңғы) бар.

Мысалы: Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың да жалақысы жоқ. Бірақ ХОК жарғысы бойынша оған жол жүру және ұйымның жұмысына байланысты басқа да қажеттіліктер үшін өтемақы төленеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz