Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

Astana Qazaqstan Team италиялық шабандозбен келісім-шартты ұзартты

Италиялық шабандоз Давиде Баллерини (29 жаста) Әлемдік турдың командасы Astana Qazaqstan Team-мен келісім-шартын ұзартты. Жаңа келісім бойынша Баллерини алдағы екі маусымда (2025 және 2026) командамен бірге жарыстарға қатысуды жалғастырады.

«Тіземнің жарақатына байланысты маусымның басы мен үшін ойдағыдай болған жоқ. Бірақ, команданың қолдауымен толық қалпыма келіп, бабыма қайта оралдым. Өкінішке қарай, бүкіл классикалық жарыс маусымын өткізіп алдым. Бірақ қазір бәрі жақсы жүріп жатыр. Мен «Джиро д’Италияға» қатыстым. Енді «Тур де Франста» жүрмін. Биыл да, болашақта да қол жеткізгім келетін көптеген мақсаттарым бар. Мен Astana Qazaqstan Team командасымен бірге жетістікке жететініме сенемін. Сондықтан командамен келісім-шартымды ұзартқаныма өте қуаныштымын», — деді Давиде Баллерини.

«Біз Давиденің шабандоз ретінде қасиеттерін жақсы білеміз. Ол нағыз кәсіпқой. Маусымның алғашқы айларын өткізіп алғанына қарамастан, Давиде сәуір айынан бастап жоғары деңгейде екенін көрсетіп келеді. Ол «Джирода» бақ сынап, енді қазір «Тур де Франста» Марк Кавендишке керемет қолдау көрсетуде. Әрине, біз үшін ол классикалық жарыстардағы басты шабандоздардың бірі және келесі маусымда ол өзін көрсете алады деп сенеміз. Біз алдымызға маңызды мақсаттар қойып отырмыз. Давиде Баллерини сияқты шабандоздар классикалық жарыстарда ғана емес, Гранд-Турларда да команданың тірегі болуы керек», — деді Astana Qazaqstan Team бас менеджері Александр Винокуров.

Айта кетейік, қазіргі таңда елордалық команда «Тур де Франс» велододасына қатысуда. «Үлкен күрмеу» аяқталысымен команда сапынан Алексей Луценко Олимпиада ойындарына қатысу үшін Парижге жол тартады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz