Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Скатов АТР турнирінде әлемнің 27-ракеткасын жеңді

ATP рейтингінде 223-ші орында тұрған 23 жастағы қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Швецияның  Бостад қаласында өтіп жатқан Swedish open турнирінің 1/8 финалында керемет жеңіске жетті. Ширек финалға шығу үшін ол әлемнің 27-ракеткасы нидерландылық Таллон Грикспонмен кездесті. Бірінші сет 6:1 есебімен фаворит пайдасына аяқталды. Алайда, одан кейін Скатов екі сетте (6:3, 6:4) жеңіске жетіп, камбэк жасады.

Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы әзірге белгісіз. Ол Энрике Роша мен Нуно Борхес арасындағы Португалия дербиінде анықталады.

Аталмыш турнирдің ширек финалында Эквадор теннисшісі Гонсало Экобармен бірге қазақстандық теннисші Александр Недовесов Федерико Кория (Аргентина)/Таро Даниэль (Жапония) дуэтімен сынға түсті. Недовесов пен Эскобар үш сетте 4-6, 6-3, 11-9 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.

Турнирдің жүлде қоры 600 мың еуроны құрайтынын айта кетейік.

Сонымен қатар бірқатар теннисшілеріміз Астанада өтіп жатқан «Президент кубогына» қатысты. Өкінішке қарай қазақстандық теннисшілер өнерлерін аяқтады. Екінші айналымда 16 жастағы Әмір Омарханов грузин Саба Пурцеладзеден (533 ATP) 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Григорий Ломакин де ресейлік Евгений Донскойдан (407 ATP) 3:6, 2:6 есебімен ұтылып, жарыс жолын аяқтады.

Жұптық сайыста Омарханов жарақатына байланысты ойыннан шығып қалды, ал Ломакин өзбекстандық Сергей Фоминмен бірге Денис Истомин (Грузия)/Евгений Карловский (Ресей) жұбынан жеңілді — 2:6, 6:4, 10:12.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz