Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

Қазақстандық шабандоз Италияда өткен жарыста екінші орынға ие болды

Astana Qazaqstan Development Team шабандозы Ильхан Достиев «Джиро делла Валле д’Аоста» жарысының соңғы кезеңінде, сонымен қатар жалпы есепте екінші орынға ие болып, спринт классификациясында жеңіске жетті.

Монблан маңында өткен көпкүндік жарысты Ильхан Достиев бірінші кезеңде жеңіспен бастады. Ол ұзақтығы 40,8 шақырымды құрайтын, Сен-Жерве-Мон-Бланнан басталып, Пасси-Плен-Жуда аяқталған алғашқы кезеңді 1 сағат 6 минут 55 секундта бағындырды.

Үшінші кезеңде өзін нашар сезінген Ильхан көшбасшылықтан айырылып қалды. Бірақ, соңғы екі кезеңде ол жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жарысты жалпы есепте екінші болып аяқтады.

«Көпкүндік сайыс мен үшін сәтті басталып, алғашқы кезеңде жеңіске жеттім. Бірақ, үшінші жарыс күні қиындыққа тап болдым. Тамақтануда мәселелер туындап, бес минуттан астам уақыт жоғалтып алдым. Келесі күні жоғалған минуттарымды қайтаруға тырысып, қателігімді біршама түзедім. Соңғы кезеңде бар күшімізді салуымыз керек еді. Симоне Занини тамаша жұмыс жасады. Ауа-райы суық болды, жаңбыр жауды.  Кезең басталасымен үлкен топпен көш бастадық. Нәтижесінде жарыста екінші орынға ие болдым. Командаға атқарған жұмыстары үшін алғыс айтамын», — деді Ильхан Достиев.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz