Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

Тадей Погачар «Тур де Франста» жеңіске жетіп, Пантанидің жетістігін қайталады

Погачар 1998 жылдан бері  бір маусымда«Тур де Франс» пен «Джиро д’Италияда» жеңіске жеткен алғашқы шабандоз атанды.

UAE Team Emirates командасының атынан шыққан Погачар биыл Франция, Италия, Сан-Марино және Монако жолдарын басып өтіп, Ниццада мәресіне жеткен беделді «Тур де Франс» көпкүндік веложарысында мансабында үшінші ретжеңіске жетті.

Погачар жексенбі күні өткен, ұзақтығы 33,7 шақырымды құрайтын жекелей уақытқа арналған сайыста да үздік нәтиже көрсетті. Осылайша 25 жастағы словениялық шабандоз 83 сағат 38 минут 56 секунд уақыт көрсеткішімен жалпы классификацияда чемпион атанды. Екінші орынды Visma-Lease a Bike командасынан даниялық Йонас Вингегаард (+6 минут 17 секунд), үшінші орынды алдыңғы екі «Тур де Франстың» чемпионы, Soudal–Quick-Step өкілі бельгиялық Ремко Эвенепул (+9 минут 18 секунд) иеленді.

Айта кетейік, «Тур де Франс» 1903 жылдан бері өткізіліп келеді. «Джиро» және «Испания Вуэльтасымен» (Grand Tour) қатар әлемдегі ең беделді үш веложарыстың бірі болып саналады.

«Астана» сапынан соңғы кезеңде мәреге сегізінші болып келген Харольд Техада үздік нәтиже көрсетті. Кейс Бол 86-шы, Давиде Баллерини 113-ші, Марк Кавендиш 134-ші болып жарысты аяқтады.

«Тур де Франс». 21-кезең
Монако — Ницца. 33.7
шақырым

  1. Тадей Погачар (Словения, «UAE Team Emirates») — 4:04:22
    2. Йонас Вингегор (Дания, «Visma») — +1:03
    3. Ремко Эвенепул (Бельгия, «Soudal Quick-Step») — +1:14
  2. Харольд Техада (Колумбия, «Астана») — +2:50
    86. Кейс Бол (Нидерланды, «Астана») — +7:00
    113. Давиде Баллерини (Италия, «Астана») — +7:46
    134. Марк Кавендиш (Ұлыбритания, «Астана») — +9:14

Жалпы есеп:

  1. Тадей Погачар (Словения, «UAE Team Emirates») — 83:38:56
    2. Йонас Вингегор (Дания, «Visma») — +6:17
    3. Ремко Эвенепул (Бельгия, «Soudal Quick-Step») — +9:18
  2. Харольд Техада (Колумбия, «Астана») — +4:00:13
    138. Кейс Бол (Нидерланды, «Астана») — +6:08:11
    140. Давиде Баллерини (Италия, «Астана») — +6:22:46
    141. Марк Кавендиш (Ұлыбритания, «Астана») — +6:23:11.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz