Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Футболдан Өзбекстан құрамасы Олимпиадада дебют жасайды

Парижде өтетін ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындары ерлер арасындағы футбол матчтарымен басталады.

Бүгін, 24 шілде «Парк де Пренсте» Өзбекстан құрамасы Париждегі (Франция) Олимпиада ойындарының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді. Қарсылас жарыстың фавориттерінің бірі Испания құрамасы болмақ.

Команда азиялық деңгейде лайықты көрінеді. Өзбекстан құрамасы ересектер арасында әлем чемпионатына жете алмағанымен, жас футболшылар Олимпиадалық турнирде дебют жасау құқығына ие болды. 2022 жылы Өзбекстан құрамасы жастар арасындағы Азия кубогында үшінші орын иеленіп, финалға шықты. Көктемде Катарда өткен осындай жаңа турнирде өзбектер бес таза жеңіске жеткенімен, шешуші кездесуде жапониялықтардан жеңіліп қалды.

Матч Астана уақытымен 18:00-де басталады. Ойынды Qazsport тікелей эфирде көрсетед. Сондай-ақ «С» тобында Өзбекстан құрамасы Мысыр мен Доминикан Республикасы құрамаларына қарсы ойнайды.

Естеріңізге сала кетейік, ерлер құрамасы сапында 23 жасқа дейінгі (2001 жылдың 1 қаңтарынан кейін туған) ойыншылар өнер көрсетеді. Команда ойыншыларының тізімінде 23 жастан жоғары үш ойыншының өнер көрсетуіне рұқсат берілген. Сондай-ақ құрамада турнир барысында ойыншылардың бірі жарақат алған жағдайда олардың орнына жас шектеуінен төмен тағы төрт ойыншыны команда сапына қоса алады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz