Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Кремлев Халықаралық Олимпиада комитетін фашизммен айналысады деп айыптады

Халықаралық Олимпиада коммитеті IBA-ны мойындалған халықаралық федерациялар тізімінен шығару туралы шешімі бірауыздан 23 шілдеде Парижде өткен 142-сессияда қабылданды. Кездесуден кейінгі пресс-релизде комитет қауымдастықты «қаржылық ашықтық мүлдем жоқ» деп айыптады.

Осы мәселеден кейін IBA президенті Умар Кремлев ХОК-ты тағы да қатаң сынға алды.

«ХОК ұлтына қарай геноцид жасап, саясиландырылған шешімдер қабылдай отырып, өзін фашистер сияқты ұстайды», — деді Кремлев.

Кремлевтің айтуынша, ХОК өз шешімімен спортшылардың құқығын ашық түрде таптап отыр. Өйткені IBA ресейліктер мен белорустардың қатысуына рұқсат беретін, оларға өз елдерінің мемлекеттік тулары мен әнұрандарын өнер көрсету кезінде пайдалануға мүмкіндік беретін жалғыз спорт федерациясы болып қала береді.

ХОК IBA-ның «ақшаның қайдан келетінін түсінбейтінін» атап өтті және ол «қаржыландыру көздерін немесе жалғыз мемлекеттік компания Газпромға толық қаржылық тәуелділігін түсіндіруге дайын емес» деп атап өтті.

Мамыр айында ХОК  IBA құрамындағы ұлттық федерациялардың спортшыларын 2028 жылғы Олимпиадаға жіберуге болмайтынын жариялады. Себебі ХОК IBA-ға ресейлік және беларусь боксшыларының жарыстарда мемлекеттік рәміздерін пайдаланбау туралы ұсыныс жасаған.Ал IBA сол ұсыныстарды орындамаған.

Халықаралық бокс қауымдастығының ХОК мойындауына қатысты мәселелер 2019 жылы федерацияның бұрынғы басшылығында пайда болды. Олимпиада комитеті менеджмент, қаржылық мәселелер және матчтарға төрелік етудегі қауымдастықта бар мәселелерді атап өтті. 2020 жылы IBA-ны басқарған Умар Кремлев ХОК-қа барлық қарыздар өтелгенін хабарлады. Бірақ комитет барлық мәселелер шешілмегенін айтты.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz