Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Балауса Мұздиман WBA Asia титулын жеңіп алды

Балауса Мұздиман (5-0, 4 КО) кәсіпқой мансабында тамаша жетістікке жетті. Ол WBA Asia тұжырымы бойынша жеңіл салмақта чемпион атанды. Жеңіліс көрмеген қазақстандық былғары қолғап шебері Таиландта жергілікті боксшы Джиттамат Пхомтамен (5-4, 3 КО) кездесті. Беделді белбеу үшін өткен жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, Мұздиман бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл Балаусаның кәсіпқой мансабындағы бесінші жеңісі болды. Оның төртеуін нокаутпен жеңді. Қарсыласы Джиттамат Пхомта мансабында бесінші мәрте жеңіліс тапты.

Мұздиманның кәсіпқой бокстағы жолы 2017 жылы басталған. Алайда, дебюттік жекпе-жегінен кейін мансабында ұзақ үзіліс болып, қазақстандық спортшы алты жыл бойы рингке шықпады. Балауса 2023 жылдың наурыз айында рингке оралды және содан бері тамаша нәтиже көрсетіп келеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

© 2023 insports.kz