Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Астана» молдовалық клубпен тең түсті, «Тобыл» жеңісті уыстан шығарып алды

25 шілдеде «Астана» Конференция-Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында Молдованың «Милсами» командасымен сырт алаңда матч өткізді. Кездесу Оргеевте өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталды. Қазақстандық команда екінші таймның ортасында Назми Грипшидің күшімен алға шықты. Дегенмен, матч соңында Дэни Лупано есепті теңестіріп кетті. Қарымта ойын 1 тамызда Алматыда өтеді.

Келесі турдағы матчтың жеңімпазы Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде кездесетін «Корвинул» (Румыния) мен «Риека» (Хорватия) кездесуінде жеңіліс тапқан командамен сынға түседі.

Қостанайлық «Тобыл» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын швейцариялық «Санкт-Галленмен» өткізді. Кездесу сырт алаңда өтіп, 4:1 есебімен швейцариялықтардың жеңісімен аяқталды. Матчта қазақстандықтар бірінші болып есеп ашты. Альберт Вальчи 28-минутта автогол соқса, бұған алаң иелері төрт голмен жауап берді. Қарымта кездесу 1 тамызда Қостанайда өтеді.  «Санкт-Галлен» келесі айналымда «Рига» (Латвия) — «Шленск» (Польша) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz