Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Астанада футбол коментаторлары мен журналистерінің конференциясы өтті

Астанада Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен отандық футбол комментаторлары мен журналистердің қатысуымен конференция өтті.

Іс-шараға ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов, QFL президенті Ғани Қайназаров қатысты. Жиында қазақ комментаторларының кәсіподағын құру, комментаторлық деңгейін көтеру және қазақ футболының комментаторлық мәселелері талқыланды.

Қазақ комментаторларының алды саналатын Шалқар Естен, Есей Жеңісұлы, Ержан Көшкінбаев сөз сөйледі. Белгілі журналист Қайнар Олжай спорт журналистикасының проблемаларына тоқталып өтті.

ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов өз сөзінде спорт журналистикасы мен футболдың біте қайнасып жатқанын атап өтті:

«Қазақстан футбол федерациясы Халықаралық тәуелсіз ұйым бола тұра қазақ спорт журналистикасынан еш ажыраған емес. Бұл екі сала бір-бірін сүйемелдеп толықтырып отырады. Футболымыздың деңгейін спорт журналистикасының деңгейіне қарап бағалауға болады. Қазақ журналистикасы кейінгі уақытта қарыштап дамып келеді. Жанкүйер мен көрерменнің назары ел футболына ауып келе жатыр. Мұның бәрі қазақ спорт журналистикасының едәуір өсуінің белгісі»,- деді Әділет Барменқұлов.

Комментаторлардың жұмысын бағалау мақсатында «Жылдың үздік футбол комментаторы» жүлдесі табысталатын болды. Жыл соңында Қазақстан футбол федерациясы өкілдері мен спорт комментаторларынан тұратын комиссия үздік үш комментаторды таңдайды. Бірінші орынға 2 миллион теңге, екінші орынға 1 миллион теңге және 3 орынға 500 мың теңге жүлде тағайындалды. Іс-шара соңында қатысушылар қазақ комментаторларының кәсіподағын құрудың маңызын атап өтті.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жыл сайынғы маусымның қорытындысы бойынша «Жыл бапкері» номинациясына үміткерлер тізімін жариялады. Үміткерлер тізімінде Елена Рыбакинаның бапкері Стефано Вуков та бар....

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz