Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Еуро-2024 іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімі белгілі болды

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Сан-Марино (17 қараша) және Словения (20 қараша) құрамаларымен өтетін Еуро-2024 іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады. Қорытынды тізімге 27 футболшы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Руслан Валиуллин (екеуі де – «Тобыл»), Ян Вороговский, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов (барлығы – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Лев Скворцов («Химки», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Копер», Словения), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»), Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Александр Зуев (ИМТ, Сербия), Ислам Чесноков («Тобыл»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Иван Свиридов («Шахтер»);

Аталмыш футболшылармен қатар Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия) та шақырту алған болатын. Өкінішке қарай жартылай қорғаушы жарақатына байланысты алдағы ойындарға қатыса алмайды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қараша айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екі шешуші матч өткізеді. 17 қараша күні Магомед Адиев шәкірттері Сан-Мариноны қабылдайды. Ойын «Астана Арена» стадионында елорда уақытымен 21:00-те басталады. Үш күннен кейін біздің құрама Словениямен ойнайды. Кездесудің басталуы Астана уақытымен 01:45-ке жоспарланған. Матч Любляна қаласы, «Стожице» стадионында өтеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz