Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

«Астана» шабандозы он үздіктің қатарында

«Джиро д’Италия» веложарысының 19-шы кезеңінде елордалық велокоманда өкілі Симоне Веласко тамаша нәтиже көрсетіп, мәреге 6-болып келді.

Decathlon AG2R командасының атынан жарыс жолына шыққан италиялық Андреа Вендраме кезең жеңімпазы атанды.  29 жастағы Андреа Вендраме күні бойы алдыңғы қатарда болды және қарсыластарының соңғы шақырымдарда оны қуып жетуіне мүмкіндік бермеді. Шабандоздар таулы аймақта 157 шақырымды жүріп өтті. Вендраме мәреге 30 шақырым қалғанда қашқындар тобынан бөлініп шықты және Георг Штайнгаузер мен Пелайо Санчестің оны қуып жетуге тырысқанына қарамастан, италиялық 30 секундтық басымдықты сақтап қана қоймай, оны мәре сызығына дейін минутқа дейінгі арттырды. Жеңімпаздың уақыт көрсеткіші 3 сағат 51 минут 5 секунд.

Movistar командасынан Пелайо Санчес кезең жеңімпазынан 54 секундтан кейін мәреге жетті. Одан 13 секундтан кейін EF Education EasyPost өкілі Георг Штайнхаузер келді.

Бірақ, 19-кезеңде жарыс фавориттері мәреге асықпады. Пелотон мәреге Вендрамеден 16 минуттан кейін жетті. Дегенмен бұл көрсеткіш шабандоздардың жалпы классификациядағы позицияларын мүлде өзгерткен жоқ және Гранд Тур көшбасшысының қызғылт жейдесін Біріккен Араб Әмірліктерінен келген Тадей Погачар сақтап қалды.

«Астана» сапынан Симоне Веласко үздік нәтиже көрсетті. Ол мәре сызығын алтыншы болып кесті. Лоренцо Фортунато кезеңді 31-ші, Хенок Мулюбырхан 49-шы, Давиде Баллерине 93-ші болып аяқтады.

«Джиро д`Италия». 19-кезең
Мортельяно — Саппада. 157
шақырым

  1. Андреа Вендраме (Италия, «Decathlon AG2R») — 3:51:05
    2. Пелайо Санчес (Испания, «EF Education-EasyPost») — +0:54
    3. Георг Штайнхаузер (Германия, «EF Education-EasyPost») — +1:07
  2. Симоне Веласко (Италия, «Астана») — +2:30
    31. Лоренцо Фортунато (Италия, «Астана») — +15:56
    49. Хенок Мулюбырхан (Эритрея, «Астана») — +17:06
    93. Давиде Баллерини (Италия, «Астана») — +22:22

Жалпы есеп:

  1. Тадей Погачар (Словения, «UAE Team Emirates») — 71:24:03
    2. Даниэль Мартинес (Колумбия, «BORA-hansgrohe») — +7:42
    3. Герайнт Томас (Ұлыбритания, «INEOS Grenadiers») — +8:04

11. Лоренцо Фортунато (Италия, «Астана») — +16:37
36. Симоне Веласко (Италия, «Астана») — +1:40:48
49. Хенок Мулюбырхан (Эритрея, «Астана») — +2:10:22
69. Давиде Баллерини (Италия, «Астана») — +3:09:57

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz