Геннадий Головкин World Boxing ұйымы өткізіп отырған тұңғыш әлем чемпионатының ашылуына қатысты (Пуэбло, США), деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Шарада сөз алған Геннадий Головкин әлем біріншілігінің маңызына тоқталып, аталған дода спорттағы жаңа дарындардың жұлдызын жағуға көмектесетін алаң ғана емес, сонымен бірге түрлі елден келген жас боксшылардың бірлігі мен достығының белгісіне айналатынына сенімді екенін жеткізді.
Айта кетелік, әлем чемпионатында 30 елден 180 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан намысын Ерасыл Аманғалиев (55 келіге дейінгі салмақта), Асылхан Көшербай (65 келіге дейінгі салмақта), Диас Серікұлы (70 келіге дейінгі салмақта), Даниял Райымбеков (85 келіге дейінгі салмақта) қорғайды.
Алғашқы болып рингке Диас Серікұлы шықты. Ол Алжир командасының өкілі Ислам Дахлалды жеңді.