«Барыс» Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Андрей Шутовпен біржақты келісімшартқа қол қойды. Келісім 2027 жылдың 31 мамырына дейін есептелген.
Андрей Шутов «Барыспен» келісімшарт жасағаннан кейін алғаш рет пікір білдірді.
«Мен біздің команданы ылғи да бақылап отырдым. Үлкен өзгерістер орын алғаннан кейін мен осы команданың бір бөлігі болғым келді. Nomad сапында Қазақстан чемпионы атанған ойыншылар қазір негізгі құрамдамыз. Біз бірге Қазақстан құрамасы сапында әлем чемпионаттары мен Олимпиадалық іріктеу турнирінде ойнап, ұзақ жолды бірге жүріп өттік. Қазақстанға оралу маған ғана емес, отбасыма да оң әсер етеді. Жағдайға түсіністікпен қараған «Слован» басшылығына алғыс айтқым келеді және біз өзара келісім бойынша келісімшартты бұздық», — деді елге қайта оралған «Барыс» қақпашысы.
Шутов «Барыс» жүйесінде төрт жылғы жуық уақыт өткізді. Осы уақыт ішінде ол «Номадпен» бірге Қазақстан чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды, сонымен қатар ҚХЛ-да толыққанды маусым өткізді. 2024 жылғы элиталық дивизиондағы әлем чемпионатынан кейін Андрей «Слован» сапын толықтырып, маусым басынан бері 15 матчта қақпа қорғады.