Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Джоэль Каямба:«Біз бокс емес, футбол ойнаймыз»

«Атыраудың» жартылай қорғаушысы Джоэль Каямба «Астанаға» қарсы өткен кездесуден кейін орын алған жанжал жайлы пікір білдірді.

Конголық жартылай қорғаушы өзінің  Instagram парақшасында «Астананың» бас бапкері Григорий Бабаянның өзіне қол көтергенін жазды.

«Тағы да дежавю. «Астананың» бас бапкерінің маған себепсіз қол көтерді. Біз футбол ойнаймыз, бокс емес. «Астана» секілді команданың бас бапкері қарсыластың ойыншысына себепсіз қол жұмсайды дегенге сене алар емеспін. Мұндай әрекеттер осындай керемет елдің бет-бейнесін құртады. Мұндай деңгейде өнер көрсеткен соң көпшілік арасында эмоцияларыңа ырық бермейтіндей жігерің болуы керек. Мен оған есесін 10 есе қылып қайтарып берер едім. Бірақ бұған алаңдамай-ақ қойыңыздар. Келесі жолы тағы кездесерміз. Карма өзінікін жібермейді», — деді атыраулық футболшы.

Айта кетейік, Қазақстан премьер-лигасының аяқталуына екі туры қалғанда «Астана» 43 ұпаймен көш бастады. Екінші орында «Қайрат». Алматылықтардың қоржынында 41 ұпай. Елордалықтар келесі турда «Тобылмен» жолықса, «Қайрат» «Ордабасыға» қарсы тұрады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz