Швейцарияның Цюрихінде қаласында 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Қазақстан құрамасы «J» тобына Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн құрамаларымен түсті.
2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі 2025 жылдың наурыз айында басталады.
Осы орайда Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі жеребе нәтижесіне қатысты пікір білдірді.
«Бұл кезеңде жеребенің атқаратын рөлі өте маңызды. Бельгия құрамасы маған жақсы таныс. Іріктеу кезеңінде және Еуропа чемпионатында бұл командамен кездескенмін. Қазір олар өзгеріс үстінде. Уэльс пен Солтүстік Македония құрамаларына келсек, олардың ойынын біраздан бері көрген жоқпын. Сондықтан нақты бір баға беру қиын.
Бесінші себеттен Лихтенштейн құрамасы түсті. Әр қарсыласқа құрмет таныту қажет. Оларды барынша зерттеп, жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек.
Күнтізбенің қалай болатынын күтейік. Болашақты болжаудың қажеті жоқ. Мен үшін командамның нәтижесі маңызды. Ең бастысы – нәтиже көрсету үшін команданы қаншалықты жақсы дайындайтынымыз», – деді Станислав Саламович.