Қазақстан құрамасының алдағы матчтары Астана мен Бухарестте өтеді.
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Нидерланды және Румынияға қарсы кездесулерге шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады. Тізімге 18 ойыншы енді.
Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де – «Қайрат»), Қанат Жеткірбаев («Ақтөбе»);
Алаң ойыншылары: Дуглас, Эдсон, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Дамир Кайырбай (барлығы – «Қайрат»), Тайнан («Спортинг» Лиссабон, Португалия), Шыңғыс Есенаманов, Ақжол Дәрібай (оба – «Семей»), Азат Валиуллин, Әбдірасул Әбдіманапұлы (екеуі де – «Аят»), Арнольд Кнауб («Жетісу»), Лео («Жоинвиль», Бразилия), Асхат Көлбаев («Ақтөбе»), Нұрболат Батырханов («Атырау»).
14 желтоқсанда Қазақстан футзал құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Нидерланды құрамасымен ойнаса, 20 желтоқсанда Бухарестте Румынияға қарсы ойын өткізеді.
Бес элиталық раундтың жеңімпаздары финалдық кезеңге тікелей жолдама алады. Ал екінші орын алған төрт үздік ойыншы плей-офф кезеңінде ойнайды. Олардың жеребе тарту рәсімі 2024 жылдың 25 қаңтарына жоспарланған. Ал әлем чемпионатындағы қалған екі орын үшін 8-17 сәуір аралығында өтетін матчтарда сарапқа салынады.