Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Стэнли Нкоби: «Қазақстан – менің екінші отаным»

Өткен жылы Бірінші лигада 11 ойында 11 гол салған сұрмерген биыл Премьер-лигада ойнауы мүмкін.
— Стэнли өткен маусымды қорытындылап жіберсең. «Екібастұзда» керемет ойнап жүрген едің, кейіннен «Хан Тенгри» сапында неге алаңға шықпадың?
— Иә, мен маусымды керемет бастадым. Сол кезде мені Сауд Арабиясының екінші лигасына шақырып отыр. Сосын, Қытайдың бір командасынан қоңырау шалды. Сонымен қатар, Морокко және Литва чемпионатынан да ұсыныс түсті.

— Саған Хорватиядағы «Хайдук» клубынан ұсыныс түскен деп естідім. Сол рас па?
— Әрине рас. Олар әлі де болса мені күтіп отыр. Менің агентім Еуропада тұрады. Бүкіл жағдайды сол реттеп жатыр. Менде тек жұмыс визасынан ғана мәселелер туындап тұр. Әйтпесе, ұсыныстар көп. Сондықтан, мен наурыз айында «Ақсумен» келісімге келдім. Түркиядағы жаттығу жиындарына бара алмағандықтан олар мені «Екібастұзға» жіберді. Мен онда 11 матчта 11 гол салдым. Сосын, «Ақсу» негізгі командаға алдыртпаған соң Дмитрий Огай мені «Хан Тенгри» ұжымына шақырды. Қазақстандағы атақты бапкер шақырып тұрған соң, барайын деп шештім. Алайда, алғашқы жаттығудың кезінде жарақат алып қалдым. Соның кесірінен мен бұл командаға көмектесе алмадым.
— Ол не жарақат? Енді қашан футболға ораласың?
— Тура Бауыржан Исламхандыкіндей жарақат болды. Қазір емделу курсының соңғы бөліміне келіп жеттім. Жеке дара жұмыс істеп, жаттығуларға кірісе бастадым. Енді жуырда бір клубпен келісімге келіп, командалық жиындарға қосылсам деймін. Жасым небәрі 24-те, сондықтан да тез қалпыма келіп алдым. Десе де, мен жарақатымнан айығып, жаттығуларға кірісіп мамыр айына қарай жақсы ұсыныстар күтемін. Оған дейін Қазақстанда қала беретін шығармын. Мұнда маған бәрі ұнайды. Адамдардың көзқарасы, қарым-қатынасы бәрі керемет. Қазақстан — менің екінші отаным.
— Нигериядағы шабуылшылардың ерекше мәнері бар деп есептейсің бе?
— Әлбетте, Нигерияда бәрі шабуылшы болғысы келеді. Қазір «Наполи» сапында жарқырап жүрген Виктор Осимхенді алып қараңыз. Қандай керемет ойыншы. Италияға барып, бағы ашылды. Мен Виктормен бірге жаттыққанмын. Әлі күнге дейін хат алмасып тұрамыз.
— Сұқбатыңа рахмет!

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz