Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

Өскеменде хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны өтуде

Әлем чемпионатына дайындық аясында 3 қаңтарда Өскеменде хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиынының үшінші кезеңі басталды. Қыздарымыздың бас бапкері Мария Федоренко оқу-жаттығу жиынын қорытындылап, команданың әлем чемпионатына дайындығына баға берді.

– Команда 3 қаңтарда Өскеменде жиналып, келесі күні әлем чемпионатына дайындық үшін үшінші оқу-жаттығу жиынын бастады. Нидерландыға баратын құрам қазірдің өзінде оқу-жаттығу жиынында. Олардың он сегізі алаң ойыншысы мен екеуі қақпашы. Таңертең жаттығу, кешке матч болды.

Біз әлі де оңтайлы комбинацияларды іздейміз. Бірақ тұтастай алғанда ойыншылар құрамы мен қорғаныс шебінің комбинациясы азды-көпті тұрақталды. Қыздардың техникалық дайындығына байланысты мүмкіндігінше қарапайым ойнауға тырысамыз. Командада бұл халықаралық аренадағы дебюті болатын қыздар да бар. Қақпашыларға келсек, турнир кезінде арқалайтын жауапкершілік жүгін көтеруді психологиялық дайындықтан бастаймыз. Оқу-жаттығу жиынында Вероника Агеева мен Арина Павловская бірдей ойын уақытын алады.

— Өткен жылы София Зубкова Болгарияда өзін жақсы көрсетті. Ал осы маусымда да сондай нәтиже күтесіз бе?

— Менің Софияға сұрақтарым бар. Бұл құлдырауды еңсеру керек және Нидерландыда ол бұрынғы бабына келеді деп үміттенемін. Зубкова Златоцвета, Феоктистова және Кира Крухольскаямен бір үштікте ойнайды. Қорғаныста Полина Яковлева мен Нұрайым Серікқызы. Олар «Торпедода» да осы комбинацияда ойнайды. Біз клубтық байланыстарды сақтауға тырысамыз.

Алдағы турнирдегі қарсыластарыңыз туралы не айта аласыз?

— Өкінішке қарай, әлем чемпионатындағы бәсекелестер туралы толық ақпарат аз. Әр команданың тізімі жыл сайын жаңартылып отырады. Херенвенге барған соң біз оларды жолдастық кездесулерде бақылайтын боламыз. Бойы мен салмағымен және әбден жетілген ойынымен әрқашан көзге түсетін Голландия құрамасын ерекше атап өткім келеді. Қытай құрамасы өзінің спорттық тәртібімен танымал. Латвия құрамасының құрамы мықты. Қаңтардың 9-ы күні 2010 жылы туған жасөспірімдермен ақтық бақылау ойынын өткізіп, келесі күні Алматыға ұшамыз деп жоспарлап отырмыз. Оңтүстік астанадан транзитпен Стамбул арқылы Нидерландыға жол тартамыз.

Естеріңізге сала кетейік, IIA дивизионында хоккейден жасөспірімдер қыздар арасындағы әлем чемпионаты 15-21 қаңтар аралығында Нидерландының Херенвен қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы жоғары дивизионға өту үшін Ұлыбритания, Түркия, Латвия, Қытай және Нидерланды командаларымен сынға түседі.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz