Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Айдар жоқ

Қазақстанда волейболды дамыту жолға қойылмақ

Елімізде волейбол неге дамымай жатыр? Бұл сұраққа федерация өкілдері түсініктеме берді.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев волейбол федерациясының басшылары мен жаттықтырушылар құрамымен кездесті. Жиын барысында федерация өкілдері волейболдан ұлттық құрамалардың 2023 жылғы қорытындысын шығарып, алдағы жарыстарға дайындық жоспарымен таныстырды.

«Волейбол федерациясының басшылары мен жаттықтырушылар штабымен кездестім. Біздің спортшылардың соңғы ірі халықаралық турнирлерде өнер көрсетуін қорытындылап, алдағы жарыстарға дайындық жоспарын талқыладық.
Қазақстанда волейбол бұқаралық спорт түрі ретінде кең қанат жайып келеді. Бүгінде 14 мың секцияда 600 мыңнан астам бала айналысады, бірақ халықаралық аренадағы нәтижелер қуантпайды. Бірнеше жылдан бері Азия чемпионаттарында клубтық чемпионаттарды есептемегенде медальдар жоқ. Соңғы күміс медаль ерлерде 2017 жылы, ал әйелдерде 2005 жылы болды. Париждегі ойындарға қатысу үшін біз әлемдік рейтингтің үздік 5-не кіруіміз керек еді. Алайда, бүгінде біздің әйелдер құрамасы 32-ші, ал ерлер құрамасы 59-орында. Яғни, волейбол спорты бойынша бізде Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік жоқ деп айтуға болады.
Федерация өңірлерде волейболды дәріптеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп, жергілікті біріншілікті өткізу деңгейін көтеріп, жас спортшыларды даярлаудың жаңа тәсілдерін енгізуі қажет», — дейді Ермек Маржықпаев.

Волейбол федерациясының өкілдері спорттың бұл түріндегі негізгі мәселелерге тоқталды. Соның бірі – ұлттық құраманың сапасы мен жас құрамы. Қазіргі таңда ұлттық құраманың негізгі тірегі 30 жастан асқан спортшылардан құралған және ұрпақтар сабақтастығы жоқ.

Сондай-ақ спорт шенеуніктері Қазақстандағы Ұлттық лиганың деңгейі төмен. Бұл әлемдік деңгейге сәйкес келмейді деп есептейді. Кездесу барысында министр федерация басшылығына еліміздің өңірлерінде волейболды және танымал ету, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық спорт ұйымдарындағы өкілдігін арттыру бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды. Федерация жергілікті чемпионаттардың деңгейін көтеруі керек. Сондай-ақ басқарма басшысы жас спортшыларды дайындауда жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу қажеттігін атап өтті.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz