Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Астанада балаларға арналған футбол фестивалі өтті

Елордадағы Футбол үйінде UEFA Grassroots Awards Winners 2023/2024 марапатына орай балаларға арналған футбол фестивалі өтті.

Фестивальге Балаларды қолдау орталығы мен «Астана қ. SOS балалар ауылының» өмірлік қиын жағдайдағы 69 баласы қатысты.  Фестиваль аясында балаларға арналған түрлі шеберлік сабақтар, «Жеңіс» ФК футбол орталығының ойыншылары мен жаттықтырушыларының қатысуымен көңілді эстафеталар өтті.

Сондай-ақ фестиваль қатысушылары Қазақстан футболы музейінде қонақта болып, түрлі құнды жәдігерлермен танысты.

Айта кетейік, ҚФФ аясындағы «Балалар үйі шәкірттері арасындағы футбол фестивалі» жобасы 2023 жылы бірнеше ай бойы өтіп, Қазақстан балалары үйі шәкірттеріне командалық жұмыс, физикалық және психологиялық денсаулығын нығайту мен  қолайлы әлеуметтік орта құруға бірегей мүмкіндік болды.

Фестиваль Қостанай, Павлодар, Тараз, Алматы, Петропавл, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Қарағанды және Бурабай қалаларында өтті. UEFA Grassroots Awards-қа үміткерлерді Еуропа ұлттық футбол қауымдастықтары ұсынады, ал жүлдегерлерді УЕФА-ның даму және техникалық көмек комитеті бұқаралық футбол іс-шараларын ұйымдастыру жөніндегі комиссия тұжырымдаған ұсыныстар негізінде таңдайды. Марапат 2010 жылы басталып, УЕФА бұқаралық футболды дамыту бағыты бойынша 42 ұлттық қауымдастық мүшелердің жеңімпаздарына 127 марапат табысталды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz