Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы тарихи жолдамаға қол жеткізді

Шпагамен семсерлесуден Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан командасы Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді. Бұл туралы Olympic.kz. хабарлады.

Тбилисиде әлем кубогінің шешуші кезеңі өтіп жатыр.  Бұл бәсекедегі Қазақстанның басты қарсыласы саналған Оңтүстік Корея 1/8 финалда Чехия құрамасына жол беріп, Қазақстан командасынан 26 ұпайға қалып қойды.  Осылайша, семсерлесуден Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш рет командалық сында Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды.

Әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша, алғашқы төрт орында тұрған команда Олимпиадаға тікелей жолдама алады. Жапония сол төрттік қатарында Парижге бару мүмкіндігін алған соң, Азиядағы жалғыз лицензияға Қазақстан мен Оңтүстік Корея таласқан болатын.

Тбилисидегі шешуші кездесуде Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Ерлік Сертай мен Вадим Шарлаимов төрттігі Олимпиадаға лицензия иеленді. Әлемдік ереже бойынша, командалық сынға бір, жекелей сында үш жолдама Қазақстан қоржынына түсті.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz