Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

Қазақстан чемпионатының финалистері анықталды

Астанада «Номад» пен «Ақтөбе» арасындағы жартылай финалдық серияның бесінші, соңғы ойыны өтті. Қонақтар тоғызыншы минуттың аяғында Николай Коевтың арқасында есеп ашты. Алайда, «көшпенділер» сапынан Әділ Бекетаев, Николай Шульга, Аңсар Шайхмедденов, Әлихан Әсетов, Михаил Рахманов және Станислав Александров гол соғып, ірі жеңіске жетті — 6:1. Айдын иелерінің қақпашысы Никита Бояркин 21 соққыны қайтарды.

Осылайша алтын медаль үшін күресті кезекті чемпионаттың жеңімпазы көкшетаулық «Арлан» мен қазіргі титул иегері астаналық «Номад» жалғастырады. Көкшетауда өтетін серияның бірінші кездесуі 6 сәуірге жоспарланған. Финал командалардың бірінің төрт жеңісіне дейін жалғасады.

Қола жүлдені жартылай финалда жеңіліс тапқан  «Ақтөбе» мен «Сарыарқа» сарапқа салады. Текетірестің алғашқы кездесуі 5 сәуірде еліміздің батысында өтеді. Бұл серия үш жеңіске дейін жалғасады.

Үшінші орын үшін матчтартардың кестесі белгілі болды:

5 сәуір, сағат 19:00. Ақтөбе – Сарыарқа

6 сәуір, сағат 17:00. Ақтөбе – Сарыарқа

9 сәуір, сағат 19:00. Сарыарқа – Ақтөбе

10 сәуір, сағат 19:00. Сарыарқа — Ақтөбе (қажет болған жағдайда)

13 сәуір, сағат 17:00. Ақтөбе – Сарыарқа (қажет болған жағдайда)

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz