Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

Шелдепрайс. «Астана» шабандозы мәреге 4-болып келді

Astana Qazaqstan Team шабандозы Кейс Бол бельгиялық бір күндік «Шелдепрайс» жарысында төртінші нәтиже көрсетті.

Спорт директорлары Стефано Занини мен Марио Манцонидің жетекшілігімен «Астана» шабандоздары Кейс Бол, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Евгений Гидич, Микаэль Мёркёв, Рюдигер Зелиг, Глеб Сырица жарыс жолына шықты.

Жексенбі күні «Фландрия турында» Кейс Бол көрерменмен соқтығысып,  құлады. Бұл оның жарыстан бас тартуына әкеліп соқтырды. Дегенмен, шабандоз қайта қалпына келіп, жарыс күні тамаша бабында екенін көрсетті. Нәтижесінде Кейс спринт бойынша бейресми әлем чемпионаты ретінде белгілі 205 шақырымдық «Шелдепрайста» төртінші нәтиже көрсетті.

Жеңіс тұғырына «Soudal Quick-Step» командасынан бельгиялық шабандоз Тим Мерлиер көтерілсе, «Alpecin-Deceuninck» өкілі Йеспер Филипсен екінші орынға жайғасты. «Jayco AlUla» командасының голландиялық шабандозы Дилан Груневеген үздік үштікті түйіндеді.

Велодода аяқталған соң Кейс Бол жарысқа қатысты өз пікірін білдірді.

«Тамаша күн! Жарыс екі бөлімнен тұрды. Нидерландыдағы жарыстың бірінші жартысында сол елге тән ауа-райы мен жел болды. Біз бірінші эшелонда жақсы позицияны сақтап отырдық. Соңында, пелотон жаппай спринтке дайындалып жатқанда, барлығы жақсы жұмыс жасап, мені финалда дұрыс позицияға шығарды. Ашық көк түсті жейдедегі біздің командамыздың көш басында үйлесімді жұмыс жасағанын көру өте керемет. Финалдық спринтте төртінші болдым… Жаман нәтиже емес, бірақ менің ойымша, команданың бүгінгі жарысты қалай өткізгеніне бәріміздің көңіліміз толады», — деді Кейс Бол.

«Шелдепрайс»
Terneuzen — Schoten. 205.3 шақырым

1. Тим Мерлир (Бельгия, «Soudal Quick-Step») — 4:16:59
2. Йеспер Филипсен (Бельгия, «Alpecin-Deceuninck»)
3. Дилан Груневеген (Нидерланды, «Jayco AlUla»)

4. Кейс Бол (Нидерланды, «Астана»)
45. Рюдигер Зелиг (Германия, «Астана») — +0:34
87. Дмитрий Груздев (Қазақстан, «Астана») — +1:05
101. Евгений Гидич (Қазақстан, «Астана») — +1:16
102. Микаэль Мёркёв (Дания, «Астана»)
121. Глеб Сырица (Ресей, «Астана») — +2:42
122. Евгений Федоров (Қазақстан, «Астана»).

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz