Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Елімізде қыздарға арналған футбол фестивалі өтуде

Қазақстан футбол федерациясы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен» бірлесе отырып қыздарға арналған «Менің ойыным» футбол фестивалін өткізіп жатыр.

Өз бастауын 2022 жылы алған жоба «HatTrick» бағдарламасы бойынша УЕФА-ның қолдауымен ұйымдастырылуда. Мұндай іс-шараның басты мақсаты Қазақстандағы қыздар футболын танымал етіп, бүлдіршін қыздарды футбол орталықтары мен академияларына тарту.

Айта кетейік, 2023/24 маусымы былтыр күзде басталып, еліміздің алты қаласында өткен еді. Биыл көктемде фестиваль 12 қалада өтеді деп жоспарланып отыр.

2024 жылы футбол мерекесі Талдықорған қаласында басталып, 130-дан астам қыз қатысты. Көңілді іс-шарада қыздар мини-футбол ойнап, эстафета мен әр түрлі жаттығулар жасау арқылы футболмен танысты.

Фестиваль аяқталысымен қатысушыларға сертификат пен ҚФФ атынан естелік сыйлықтар табысталды. Бүлдіршіндер өздері тұратын аймақта футбол орталықтарына қатысуға мүмкіндік алды.

Қыздарға арналған «Менің ойыным» футбол фестивалі 2 сәуір Талдықорған, 5 сәуір Алматы қаласында өтті. Алдағы уақытта фестиваль аясында еліміздің барлық қалаларында, атап айтқанда 8 сәуір – Тараз, 12 сәуір – Шымкент, 15 сәуір – Түркістан, 17 сәуір – Қызылорда, 23 сәуір – Ақтау, 26 сәуір – Атырау 3 мамыр – Орал, 6 мамыр – Ақтөбе, 13 мамыр – Астана, 15 мамыр – Қарағанды турнир ұйымдастырылады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz