Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Елена Рыбакина Жапонияға қарсы кездесуге қатыса алмайтын болды

12-13 сәуірде Токиода (Жапония) теннистен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогының финалына шығу үшін іріктеу кездесулері өтеді. Қазақстан құрамасы сырт алаңда Жапония құрамасымен ойнайды. Дегенмен, Юрий Щукин баптайтын команда сапында Елена Рыбакина болмайды.

Матчтар жылжымалы шатырлы, 10 мың көрерменге арналған трибунасы бар Ариакэ Колизейінің кортында өтеді. Жекпе-жек бес кездесуден тұрады — төрт жекелей және бір жұптық матч. Екі команданың үздіктері қараша айында Севильяда (Испания) өтетін Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне шығады.

Бұл текетіресте Қазақстан құрамасынан Юлия Путинцева, Анна Данилина, Жібек Құламбаева, Аружан Сағандықова және жарақатына байланысты екі жылға жуық үзілістен кейін кортқа қайта оралған Зарина Дияс өнер көрсетеді.

Жапония құрамасының да теннисшілерінің есімдері белгілі: Нао Хибино, Май Хонтама, бұрынғы әлемдік рейтинг көшбасшысы және төрт Үлкен дулыға турнирінің жеңімпазы Наоми Осака, Шуко Аояма және Эна Шибахара. Атақты Ай Сугияманың шәкріттері өз алаңында ойнайды. Оған қоса Қазақстан құрамасымен жеке кездесулердегі есеп 4:1.

Рыбакинаның құрамада жоқтығы бірден байқалады. Ол жақында Майамиде (Флорида, АҚШ) өткен беделді жарыстың финалына шықты және 15 сәуірде Штутгартта (Германия) өнер көрсетеді. Белгілі болғандай, Рыбакинаның ұлттық құрамаға шақырылмауы Қазақстан теннис федерациясының жоспарлы қадамы болған. Ұйым әлемнің төртінші ракеткасы 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиадаға дайындық жоспарын орындауы керек деп түсіндірді. Олимпиадалық теннис турнирі шілденің аяғынан тамыз айының басына дейін, ал матчтар Ролан Гарростағы сазды корттарда өтеді.

«Елена Рыбакина Парижде өтетін алдағы Олимпиада ойындарына жоспарлы дайындықты бұзбау үшін Жапонияға қарсы матчқа қатыса алмайды», — делінген Қазақстан теннис федерациясының ресми мәлімдемесінде.

Әрине, Олимпиада әлемнің үздік спортшылары төрт жыл бойы күткен өте маңызды дода. Соңғы Олимпиадада Елена төртінші нәтиже көрсетіп, медальға бір қадам жетпей қалған болатын. Енді ол Париждегі көрсеткішін жақсартуға бел буып отыр. Бірақ, екінші жағынан, әлем чемпионаты (Billie Jean King Cup) да маңызды әрі беделді турнир. Соңғы екі жылда команда жарыстың финалына дейін жетті. Енді командамыздың финалға жолдамасыз қалу қаупі бар.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz