Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Сауль Канело Альварес пен промоутер арасында дау шықты

Супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) пен оның бұрынғы промоутері Оскар Де Ла Хойя (Golden Boy Promotions) баспасөз мәслихатында төбелесіп қала жаздады.

Оқиға Канелоның мүддесін қорғайтын Де Ла Хойя отандасы Хайме Мунгиямен (43-0, 34 КО) жекпе-жек алдында журналистермен кездесуде болған.

Өз сөзінде Де Ла Хойя Канелоға мексикалықтың жұлдыз болуына көмектескен оның компаниясы екенін айтты. Сондай-ақ промоутер қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) екінші жекпе-жек алдында допинг сынамасынан өте алмай қалған Альварестің орнын Мунгияның баса алатынын еске салды.

«Оған әлемдік жұлдыз болуға кім көмектескенін ұмытып кеткен сияқты. Мен Канело Альваресті боксшы ретінде құрметтеймін. Оның тәжірибесі мен қабілеті бар. Бірақ, соңғы бір-екі айда ол жекпе-жекті жарнамалаудан гөрі мені қорлай бастады. Иә, менде қиындықтар болды. Бірнеше рет ем қабылдадым. Менде психологиялық мәселелерге байланысты жұмыс басымдыққа ие болмады. Бірақ Golden Boy Канело Альваресті танымал еткенін өзгерту мүмкін емес», — деп келтіреді Boxingscene.com промоутердің сөздерін.

Канелоға промоутердің сөздері ұнамағаны анық және осы сөздерді ести сала бірден Де Ла Хойяны испан тілінде қорлай бастады. Сондай-ақ GBP басшысын «ақша ұрлады» деп айыптады. Одан кейін Канело мен оның промоутері арасында төбелес орын ала жаздады. Бірақ оларды шоудың промоутері Том Браун тоқтатып, араша түсті.

«Ол ақша ұрламақ болды. Сұмдық. Менде дәлел бар. Ол менің Головкинмен өткен жекпе-жегімнен және Головкиннен ақша ұрламақ болды», — деді ызаға булыққан Канело.

Естеріңізге сала кетейік, Альварес пен Головкин үш жекпе-жек өткізді. Біріншісі 2017 жылдың қыркүйегінде даулы есеппен аяқталса, бір жылдан кейін мексикалық жеңіске жетті. 2022 жылы қарсыластар трилогияға нүкте қойды. Ол уақытта Канело жеңімпаз атанды.

Мамырдың 4-інен 5-іне қараған түні Лас-Вегаста (АҚШ) Альварес Мунгиямен жұдырықтасады. Абсолютті әлем чемпионы атағы мен WBC, WBA, IBF, WBO және «Канелоға» тиесілі супер орта салмақтағы The Ring титулдары сарапқа салынады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz