Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Велотректен Ұлттық құрама Олимпиада лицензиясына қол жеткізді

Қазақстан құрамасы велотректен Париж Олимпиадасының 1 жолдамасына ие болды. Бұл лицензия жеке спортшының өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі. Бұл туралы еліміздің  Спорт және туризм министрлігі мәлімдеді.

Қазақстан атынан баратын спортшы кейрин және спринт дисциплинасында бақ сынай алады. Қазір Қазақстан командасының қоржынында 51 лицензия бар.

Айта кетейік, ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Олимпиада ойындарындағы қиындықтарға тоқталды.

«Министр ретіндегі бірінші Азия ойындарына бардым. Әрине, 11-орын біздің елге, командамызға, дайындығымызға сәйкес келетін орын емес еді. 80 медаль алдық. Оның 10-ы алтын. Өкінішке қарай, жағдай осылай. Бірде-бір спортшы жаттықтырушы, массажист немесе дәрігер жоқ деп шағым айтқан жоқ», — деді министр үкімет отырысында.

Ермек Маржықпаевтың айтуынша, Олимпиада ойындарында мүлде басқа ережелер болады.

«70-80-ге жуық лицензия алуды жоспарлап отырмыз. Олимпиада ойындарында бұл көрсеткіштің дәл жартысы (лицензиялар санының шамамен жартысы) Олимпиадаға баратын спортшыларымызға көмек көрсетіп, (яғни, 80 спортшы барса, онда шамамен 40 адам ілесіп жүру керек) алып жүреді деп болжанып отыр. Әрине, біз спортты қолдайтын халық ретінде жаттықтырушылар мен дәрігерлердің бірге барғанын қалаймыз. Бірақ бұл көрсеткішке барлығын қосу қиын. Біз бұған дайын болуымыз керек», — деді Ермек Маржықпаев.

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz