Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футзал

Алматылық «Қайрат» айыппұл арқалады

Қазақстан футбол федерациясының Әдеп жөніндегі комитетінің отырысы өтті. Онда қарсылас команданың атрибутикасына құрметсіздік танытқан «Қайрат» футзал клубы ойыншыларының спортқа жат әрекеттеріне қатысты мәселе талқыланды.

Нәтижесінде «Қайрат» АФК-ға 500 АЕК мөлшерінде, яғни 1 миллион 846 мың теңге айыппұл салынды. Команда айыппұлды 2024 жылдың 10 шілдесіне дейін төлеуі қажет. Сондай-ақ «Қайрат» АФК бас директоры Алуа Құжановаға ескерту түрінде тәртіптік санкция берілді және «Қайрат» АФК-на келеңсіз жағдайдың арандатушыларын тауып, түсіндіру жұмысын жүргізуге міндеттелді.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде алматылық «Қайрат» пен футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Лео Игитамен болған жанжалды видео пайда болған еді. Бейнежазбада Игита жанкүйерлер асфальтқа төсеп қойған «Ақтөбе» мен «Астананың» жалаулары мен шарфтарын басып, клуб автобусына қарай жүреді. Алғашында қақпашы бұған мән бермей, кейін қарсылас командаларының шарфтарын басып, үстінде билей бастайды. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кеткеннен кейін Игита жанкүйерлерден кешірім сұрап, орын алған іске өкінетінін айтты.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz