Испания құрамасының ойыншылары Еуропа чемпионатының ширек финалында Германияны жеңіп, жартылай финалға шықты.
Штутгарттағы MHP-Arena стадионында өткен матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Ал қосымша уақытта испаниялықтар жеңісті жұлып алды – 2:1.
Жеңімпаз команда сапынан Дани Ольмо (51-минут) мен Микель Мерино (119-минут) гол соқты. Германия құрамасынан Флориан Виртц (89-минут) гол соқты.
Айта кетейік, Ольмо 8-минутта жарақат алған Педридің орнына алаңға шықты. Дәл сол кезде Дани Мериноға пас берді.
Оярсабальдың, Виртц пен Фюллкругтың гол соғатын мүмкіндіктері болғанымен, қосымша уақытта жеңімпаз анықталмады. Доп айып алаңында Кукурелланың қолына да тиді, бірақ төреші Энтони Тейлор пенальтиге еш себеп таппады. Ойыншылар ақтық ысқырық естілмей жатып-ақ күштерін жоғалтты. Бірақ ауыстыратын ойыншылар қалмады. Ал матч пенальтилер сериясына жалғасатындай көрінгенде, Испания сапынан Микель Мерино жеңіс голын баспен соқты – 2:1.
Ал ақтық ысқырық естілмей тұрып, Карвахаль екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды…
Осылайша Испания Еуро-2024 додасының жартылай финалына шығып, Португалия-Франция матчының жеңімпазымен ойнайды.