«Қайрат» футбол клубы ресейлік 28 жастағы қорғаушымен келісімшартқа отырды. Келісімшарт 2025 жылғы маусымының соңына дейін жасалды.
Егор санкт-петербургтік СДЮСШОР-1 түлегі. Ресейде кәсіби деңгейде «Тосно», «Рубин», «Нефтехимик» пен «Краснодар» командаларында өнер көрсетті. Соңғы командасымен РПЛ-дың қола жүлдегері атанды.
2016 жылғы маусымды Сорокин «Ақтөбе» командасында өткізді. Қорғаушының соңғы клубы «Елімай» болды. Ол 2024 жылғы наурызда қосылды. Семей командасында барлық турнирде 12 матч өткізді.
Сондай-ақ Ресей құрамасында 1 матч өнер көрсеткен.
Сонымен қатар жазғы трансферлік терезеде алматылық клуб келесі футболшылармен толықты: қорғаушы Александр Мартынович, Юг Станоев және шабуылдаушы жартылай қорғаушы Валерий Громыко.
Айта кетейік, соңғы матчта, 21 шілде күні «Қайрат» Лига кубогының топтық кезеңінің үшінші турында «Таразды» жеңіп (3:0) турнирдің жартылай финалына жолдама алды.