«Реал Мадрид» маусымдық табысы миллиард еуродан асқан тарихтағы алғашқы футбол клубы атанды. Жарияланған есеп бойынша корольдік клубтың кірісі 1,073 миллиард еуроны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27 пайызға, яғни 843 миллион еуроға көп.
«Реал Мадридтің» пайыздарды, салықтарды, және шығындарды төлегенге дейінгі табысы (EBITDA) 156,3 миллион еуроны құрады. Таза пайда 15,6 млн еуро. Ал былтыр бұл көрсеткіш 11,8 млн еуроны құрады.
Мадридтік клубтың таза құны 574,1 миллион еуроға бағаланады. Бұл 2022/23 маусыммен салыстырғанда 16 миллионға көп.
Өткен маусымның соңында испаниялық клуб Чемпиондар лигасы мен ел біріншілігін жеңіп алды. Енді УЕФА суперкубогы үшін матчта «Реал Мадрид» италиялық «Аталантамен» ойнайды. Кездесу 14 тамызда Варшавадағы Ұлттық стадионда өтеді.