Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Елдос Сметов Олимпиадаға бармауы тиіс болған

Негізі, Олимпиада ойындары алдында ел ішінде осындай әңгімелер айтылған еді.

Елдос Сметов 27 шілде күні таңертеңнен бастаған сайысты бір деммен жүріп өтті. Бір күн оның тағдырын шешті. Алдымен ол нидерланды елінің дзюдошысы Торнике Чакадуаны жеңді. Аты айтып тұрғандай бұл спортшы грузиялық, тек Нидерланды елінің атынан сайысқа қатысады. Одан кейін екінші белдесуде жағдай тағы қайталанды. Ұлты өзбек Дилшот Халматов Украина елінің атынан келіп, Елдосқа қарсылық көрсетті. Жамбыл облысының тумасы бұл қарсыластан да айласын асырып, Ян Вун Вей деген Тайван спортшысымен белдесті. Мол тәжірибиенің арқасында Елдос келесі кезеңге өтіп кетті.

Міне, осыдан кейін қызықтың көкесі басталды. Жартылай финалда Сметовке Әлем чемпионы қарсылас болып түсе қалды. Алдын-ала белгіленген жүйе бойынша осы қарсыластың түбі түсетінін біліп жүргені байқалды. Елдос әбден әккілікке салды. Қарсыласын түгелімен зерттеп шыққаны байқалып тұрды. Үшінші Олимпиадасына келіп тұрғаны сезілгені рас. Тәжірибиенің аты тәжірибие! Сонымен, 4 дүркін Еуропа чемпионы испаниялық Франциско Гарригос Олимпиадада қола мен күміс алып жүрген Елдосты жеңіп өтемін деп ойлады. Алайда, дзюдошымыз қарсыласының сілекпесін қатырды. Сүйтіп финалға жолдама алды.

Финалда Франция спортшысы қарсылас атанды. Жарыс қожайыны елінің спортшысы татамиге шыққанда жағдай қиын болары айдан анық. Төрешілер де кішкене бұра тартады. Алайда, Елдос білгенінен жаңылмай, бар шеберлігін паш еткізді. Франция атынан шыққанымен ұлты грузиялық дзюдошы әбден намысқа тырысты. Еуропа чемпионы мен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атағы бар Лука Мхеидзенің тәжірибиесі әбден толысқан, әккі спортшыға шамасы келмеді. Бір әдіспен-ақ дегеніне жеткен Елдос Сметов жарыстың екінші күні-ақ Қазақстан қоржынына алтын медаль салды. Ол Олимпиада ойындарында чемпион болған 11 қазақ болып тіркелді. Ал Қазақстан құрамасы үшін бұл алтын медаль жеңген 8-ші спорт түрі.

Ел ішінде неше түрлі подкасттарда Елдос Сметов 2 Олимпиада ештеңе істей алмады. Қола мен күміс оның бар жеткен жетістігі. Енді жасы біршамаға келгенде жастарға орын беруіміз керек деген әңгіме айтылды. Бірақ, мінекей Олимпиада ойындарында тәжірибие жинап үйреніп алған спортшымыз біркүндік сайысты қалай өткеру қажет екенін көрсетіп берді. Ел спортының қаһарманына айналған Елдосқа ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей қоңырау шалып, құттықтады. Сонымен қатар, Елдос финалдық белдесуге Олимпиада чемпионы, Әлемнің төрт дүркін чемпионы, жапон дзюдошысы Ноахаси Такатаның киімімен шыққаны да белгілі болды. Боз кілемге Олимпиада чемпионының киімімен шыққан Елдостың ырымы құт болды!

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz