Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Ғұсман Қырғызбаев — Париж Олимпиадасының қола жүлдегері

Бүгін, 28 шілде Парижде (Франция) өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев бесінші кездесуін өткізіп, жеңіске жетті. Ол 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сербиялық Страхиния Бунчичпен белдесіп, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

1/16 финалда қазақстандық дзюдошы испаниялық Давид Гарсиа Торнені ұтып, сенсация жасаған. Содан кейін оңтүстіккореялық Ан Ба Улден айласын асырды. Ширек финалда француз Валид Кхярды жеңді. Ал жартылай финалда Амандо Лимаға қарсы рингке шығып, бразилия өкіліне ұтылды. Дегенмен қола жүлде үшін белдесуде намысты қолдан бермеді.

Айта кетейік, қазақстандық спортшылардан тағы бір дзюдошы Елдос Сметов 2024 жылғы Олимпиадада Қазақстанға алғашқы алтын жүлде әкелді. Осылайша әзірге ел қоржынында үш медаль бар: алтын медаль — Елдос Сметов (дзюдо, 60 келі), қола медаль Александра Ле – Ислам Сатпаев (пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеу, микст), қола медаль — Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо, 66 келі).

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz