Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Нариман Құрбанов: «Олимпиада жүлдесін 18 жасымда армандай бастадым»

Нариман Құрбанов — Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері.

Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадағы тұтқалы ат жаттығуы бойынша Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды. Қазақстандық Нариман Құрбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай алды. Ол базалық қиындығы 6.7-ге тең жаттығуды сәтті орындап шықты. Бұл сында алтын медальді ирландиялық  Риз Макленаген иеленді. Оның ұпай көрсеткіші — 15.533. Ал қола медаль америкалық Штефан Недорочектің еншісінде (15.300).

Жарыс аяқталған соң Құрбанов  ойындағы өнеріне қатысты пікір білдіріп, Олимпиада жүлдесін 18 жасында армандай бастағанын атап өтті.

«Енді менің ойым шатасады деп ойлаймын (күледі). Комбинацияны жасамас бұрын атқа жақындадым және барлығын өз денеме тапсырдым. Бұл комбинацияны көптеген жылдар бойы автоматты түрде жасап келемін. Енді міне, соңына дейін жасай алдым.

Қазіргі олимпиаданы қоса есептегенде мен бағдарлама соңында жиі құлайтынмын. Техникалық және тактикалық жағынан жаттығуды орындай алмағандықтан емес, психологиялық тұрғыдан әлсіз болып, соңына дейін жеткізбейтінмін. Бүгін осы тәжірибенің барлығын жинақтап, ең маңызды турнирде не істеуім керек болса, барлығын жасадым.

Олимпиада медалінің қандай болатыны интернетте жариялағаннан кейін суретті телефоныма сақтап қойдым. Маусымдағы әрбір жарыс алдында мен оған қарадым. Алдыма мақсат қойып, сол мақсатқа қарай жүрдім.

Бұл бүкіл ел үшін көптен күткен марапат. Бала кезімде Олимпиада менің арманым емес еді. Шамамен 18 жасымда Олимпиада ойындарына қатысып, жүлде үшін күресуге болатынымды түсінгенде, дәл сол кезде алдыма мақсат қойдым. Мен өте бақыттымын. Бұл медаль елімізде қалай қабылданатынын, қаншама сезім тудыратынын жақсы білемін. Жеңісімді Қазақстан халқына арнаймын», — деді Құрбанов.

Сондай-ақ Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Нариман Құрбановқа құттықтау жеделхатын жолдады.

«Нариман Құрбановты Олимпиада ойындарындағы күміс жүлдесімен құттықтаймын! Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет біздің еліміз спорттық гимнастикадан Олимпиада тұғырына көтерілді. Жеңіске деген жігеріңіз және қайсар мінезіңіздің арқасында Сіз барша қазақстандық жанкүйердің жүрегіне жол тарттыңыз.

Жеке бапкеріңіз Хусанжан Курбановқа да өз құттықтауымды жолдаймын. Бұл жүлденің артында Сіздің де, бапкеріңіздің де еңбегі жатыр. Олимпиада ойындарында Сіз жеңіп алған алғашқы күміс медаль болашақта жарқын жеңістерге жетелейтініне сенемін!Барша Қазақстан халқын тарихи медальмен құттықтаймын!», — делінген хатта.

Осылайша, ел қоржыны тағы бір медальмен толығып, Қазақстан құрамасы командалық есепте әзірге 26-орынға жайғасты.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz