Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Мен кіммін? Иман Хелифке қатысты жанжал ушығып барады

Paris 2024 - Boxing 03 August 2024, France, Paris: Olympia, Paris 2024, boxing, amateur, women, quarter-finals, welterweight (up to 66kg), Arena Paris Nord, Imane Khelif (l) from Algeria and Luca Anna Hamori from Hungary stand in the ring after the fight. Photo: Sina Schuldt/dpa

Ғаламторда жекпе-жек басталғаннан кейін 46 секундтан соң жарысты жалғастырудан бас тартқан италиялық Анджела Каринидің алжирлік спортшыға қарсы кездесуі жайлы бейнежазба тарады.

Осы орайда ғаламторда Хелифтің жынысын өзгерткен ер адам деп, трансгендерлік тақырыбы қозғала бастады.

Алайда ХОК осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

«Спортшы әйел болып туылды, әйел сияқты өмір сүрді және әйел сияқты бокспен айналысты. Оның әйел деген төлқұжаты бар. Ол трансгендер емес», — деді ХОК.

Хелифтің жынысы 2023 жылға дейін ешқашан күдік тудырған емес.  Бірақ, сол жылы Тайвань өкілі Лин Юй-тинмен бірге  әлем чемпионатынан шеттетілді. IBA-ның мәліметінше, спортшылардың ДНҚ сынамасы XY хромосомаларын көрсеткен. Сынақ нәтижелері Хелиф ресейлік Аминеваны жеңгеннен кейін ғана жарияланды. Нәтижесінде Хелиф жарыстан шеттетілсе, Лин Ю-тин қола жүлдеден айырылды.

Ал биыл Париждегі Олимпиада ойындарында бұл даулы мәселе қайта жалғасын тауып отыр. Осы орайда Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) бұрынғы бас хатшысы Иштван Ковач жанжалға қатысты пікір білдірді.

«Бұл оқиғаның ең өкініштісі – реттеуге келетін Хелифтің тестостерон деңгейі емес, алжирлік боксшының биологиялық ер адам екенін анық көрсеткен гендерлік тесттің нәтижесі. Токио Олимпиадасында және одан кейінгі әлем чемпионаттарында барлығы бес спортшы ер адам болып шықты. Әлбетте, мен бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетін дереу хабардар еттім. Бірақ олар әлі де жауап бермеген сияқты», — дейді Иштван Ковач.

Тайвань боксшысы Линь Юй-тин де Парижде өнер көрсетуде. Ол  ¼ финалда болгариялық Станеваны жеңіп, жартылай финалға шықты. Станева жеңілгеннен кейін қарсыласының қолын қысудан бас тартты. Оның орнына ол саусақтарын айқастырды. Болгариялық бұрымды боксшы мұнымен өзінің ХХ хромосомалары бар әйел екенін айтқысы келді…

Айта кетейік, соққылары жойқын Хелиф 66 келіде ширек финалдық жекпе-жекте венгриялық Лука Хамориді 5-0 есебімен жеңді. Осылайша, алжирлік боксшы 2024 жылғы Олимпиаданың жартылай финалына шықты.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz