Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Парижден Алматыға дейін… Елімізде алғаш рет Roland Garros Junior Series іріктеу турнирі өтті

Алматыда Қазақстан тарихында тұңғыш рет теннистен Roland Garros Junior Series іріктеу турнирі өтті. Бұл жарыстың маңызы неде? Бұл сұраққа Азия теннис федерациясының президенті Юрий Польский жауап берді.

«Бұл ең алдымен қазақстандық теннис мектебінің жас шәкірттері үшін мықты қарсыластармен кортқа шығып, өз жерінде Парижде өтетін «Ролан Гаррос» беделді халықаралық турниріне жолдама алу мүмкіндігі. Бұл соңғы жылдары айтарлықтай халықаралық жетістіктерге жеткен Қазақстандағы жасөспірімдер теннисінің беделінің көрінісі.

Бастапқыда кіші Ролан Гарросқа іріктеу Токиода өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда, Азия теннис федерациясы екі турнир түрінде ұйымдастырылған алдын ала іріктеуді де өткізуді ұйғарды. Оның бірі Орталық және Батыс Азия үшін Қазақстанда, екіншісі Қытайда Оңтүстік-Шығыс Азия үшін. Турнирлердің финалистері Жапониядағы соңғы іріктеуге қатысып, 2025 жылы Париж кортына шығу мүмкіндігін сарапқа салады» — дейді Польский мырза.

Сондай ақ Азия теннис федерациясының президенті Оңтүстік астананың жайдан жай таңдалмағанын да ерекше атап өтті.

«Турнирді өткізу орны ретінде Алматы кездейсоқ таңдалмағанын да атап өткім келеді. Ролан Гаррос сазды корттарда ойналатындықтан, іріктеу турнирлері де сондай корттарда өтуі керек. Сонымен қатар, корттардың сапасына қойылатын талаптар өте жоғары. Алматыдағы «Горький теннис паркі» теннис орталығы, оның  төсеніші қатаң еуропалық талаптарға сай болды. Ал Франция теннис федерациясының өкілдері «Горький теннис паркін» сертификатталған Roland Garros желісіне қосуға мүмкіндік берген орталықтың сапасына тәнті болды», — деп қоса кетті Юрий Польский.

Қазақстандық теннисшілер Алматыдағы турнирде тамаша өнер көрсетті. Қыздар арасында София Исакова іріктеу турнирінің жеңімпазы атанса, ұлдар арасында Арсений Требухин финалдық кездесуде ғана ұтылды. Бұл жігіттердің және Заңғар Нұрланұлы, Даниель Тазабеков, Дамир Жалғасбай сынды Қазақстандағы жасөспірімдер теннисінің мықты өкілдерінің алдағы өнерін әлемдік спорт қауымдастығы жіті қадағалайды деп ойлаймыз. Олардың халықаралық аренадағы табыстары жеке мансабын дамытуға ғана емес, Қазақстанның әлемдік теннис картасындағы орнын нығайтады.

Қазақстандық жас теннисшілердің Roland Garros Junior Series сияқты беделді халықаралық турнирлерге қатысуы — оларға тәжірибе жинақтап, болашақта Олимпиада тұғырларын бағындырып, ел үшін беделді кубоктарды жеңіп алу үшін, өздеріне деген сенімділіктерін арттыруға мүмкіндік береді. Бастысы теннистен Париж Олимпиадасында орын алған жағдай болашақта қайталанбаса деген ниет қой біздікі.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz